Астанада көктайғақ пен жел күшейеді деп күтілуде, - деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Астана қаласының ТЖД мәліметі бойынша, Ақмола облысының көп бөлігінде де 14-15 желтоқсан күндері оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін жел сақталады, жел күші секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін және кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.
"Құрметті ата-аналар! Ертең Астанада көктайғақ қатты болатын шығар. Барлық ұйымдардың басшыларына өз аумағында қар мен мұзды тазалауға және тұзды-құм қоспасын шашуға ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Осы күндері балалар ыңғайлы аяқ киім киіп, сақ жүруін және ата-аналарымен бірге жүруін қадағалауға тырысыңыздар. Көктайғақ себебінен мектептегі сабақтар тоқтатылмайды", - деп жазыпты Астананың Білім басқармасының баспасөз хатшысы Ботагөз Омар өзінің Facebook-тегі парақшасына.
Айта кетейік, Астанада бүгін ауа температурасы бірден көтеріліп, жаңбыр жауды.