• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Селфи түсіретін дрон шығады

167 рет
көрсетілді

 AirSelfie Holdings Ltd компаниясы селфи түсіруге арналған ұшатын дрон жасап шығарды. Италияның кәсіпкері Эдоардо Стропьяна (Edoardo Stroppiana) бұл өнім 2017 жылы сатылымға шығарылады деп жоспарлап отыр. Бұл туралы  Live Science хабарлады. AirSelfie дроны 5-мегапиксельді камерамен, 4 гигабайт тұратын жадымен жасақталған. Сонымен қатар арнайы Android-қосымшасы арқылы басқарылатын аппаратты 4 мотор 20 метр биіктікке дейін ұшыратын болады. Жоба авторларының айтуынша, аппарат таймер режимін де қамтиды. Дронның алғашқы прототипі тамыз айында жасалған. Қарашада аталған компания бұл жобаға инвестициялық қаржы тартты. Нақты айтар болсақ, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Германия инвесторлары жобаға 3 млн доллар қаражат салды. Алғашқы топтама наурыз айында шығады деп күтілуде. Әзірге бастапқы бағасы 300 доллар болады деп белгіленген.