• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Қытай футбол клубы "Челси" ойыншысын сатып алмақ

221 рет
көрсетілді

"Шанхай СИПГ" қытайлық футбол клубы жақын арада ағылшындардың "Челси" командасының ойыншысы Оскарды 71 млн еуроға трансферлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Telegraph. Басылымның хабарлауынша, футболшы өзінің келісімін беріпті. Егер ол Қытай клубына ауысса, футболшы жылына 22 млн. еуро табыс табатын болады. Бұл жағдайда "Челсиден" кеткен ең қымбат футболшы атағын да Оскар иеленбек. Себебі қазіргі рекорд иесі Давид Луис 2014 жылы ПСЖ қомандасына шамамен 60 млн еуроға ауысқан. Естеріңізге сала кетсек, «Шанхай СИПГ» футбол клубы 2005 жылы құрылған. Қазіргі таңда оның құрмында бразилиялық Халк пен Элкесон, швед Тобиас Хюсен бар. Команданы "Челси" мен "Зенитті" жаттықтырған Андре Виллаш-Боаш басқарады.