• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

«Мен Қазақстанды бейнелеймін»

363 рет
көрсетілді

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдердің «Мен Қазақстанды бейнелеймін» атты байқауының қорытын­дысы бойынша балалар шығармашы­лығы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Байқауды ұйымдастырған «Индиго» бейнелеу өнері студиясы мен Қазақстандағы «Шеврон» компаниясы. Экспозицияда «Индиго» бейнелеу өнері студия­сының, №1 және №2 балалар үйлерінің оқушы­лары мен Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының жұмыстары қойылды. «Біздің компания – Қазақстанға 1993 жылы келіп, жас тәуелсіз мемлекетке қолдау көрсетіп, сенім арт­қан батыстық алғашқы ірі инвестор. Біз тек энерго­ресур­старды өндіру саласында ғана емес, қазақ­стан­дық­тардың, соның ішінде мектеп оқушыларының зияткерлік әлеуетін бар мүмкіндігінше ашуға көмек­те­сетін көптеген әлеуметтік жобаларға ұзақ жылдар бойы серіктес болғанымызды мақтаныш етеміз», – деді  «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова. «Мәңгілік Ел»  құндылықтарының тұжырым­дама­сын қамтитын бұл байқау 25 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Байқау мақсаты – отансүйгіштікке тәр­биелеу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін сүйіп, құрметтеуге үйрету, рухани бірлік пен келісім идеяларының және қоғамдағы тұрақ­ты­лық­тың қалыптасып, таралуына, сондай-ақ, шығар­машы­лық дағды мен бейнелеу өнерін көпшілікке танытып, дәріптеуді дамыту. Байқауға қатысушылар бейнелеу құралдарымен туған жердің табиғатын, сүйікті қаласын, сәулеттік жетістіктерді, түрлі халықтар мен ұлыстардың өзара қарым-қатынасы мен мәдениетін, бүкіл қазақ­стан­дықтардың ортақ үйі – Астананы қалай елестететінін бейнелеп көрсетуге тырысқан. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен өзге, киіз басудан, қыш құюдан, кескіндемеден шеберлік са­бақ­тары өткізіліп, музей залдары бойынша экскурсиялар жүргізіліп, қуыршақ театрының қойылымы көрсетілді. Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ Ақадыр кенті