• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Хоккей корты керемет!

353 рет
көрсетілді

Соңғы бес жылда ERG Еуразиялық тобы мен облыс әкімдігі арасындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы өзара меморандум аясында өңірдегі спорттың дамуына 10 млрд теңге инвестицияланыпты. Жуырда Ақсу қаласында алып өндіріс пен жергілікті биліктің бірлескен меморандумы барысында спорт кешені ашылды. Бұған дейін ERG Еуразиялық тобы өз қаражатына Ақсуда Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайын тұрғызып, тұрғындарды бір қуантқан еді. Ал екінші сыйлаған қуаныштары – жаңа пайдалануға берілген жабық хоккей корты. Еуразиялық топ спорт кешенінің құрылысына 70 миллион теңге бөліпті. Мұз аренасы 1,5 мың шаршы метрді құрайды. Қыс мезгілінде мұз айдынында қала тұрғындары отбасымен келіп, коньки теуіп, демалады. Жазда жасан­ды жабындыда сондай-ақ, бала­­лар және жеңіл атлетикамен айналы­са­тын мүмкіндігі шектеулі жандар жаттығады. Кешенде мұз айды­н­ы­нан басқа, хоккейшілер бөлме­лері, жаттықтырушылар мен дәрігерлерге арналған кабинеттер бар, ыстық және суық су, жылу жүйесі іске қосыл­ған. Түрлі заманауи жаттығу құрыл­ғы­лары, алаңдар орын тепкен. – Қаламызда осындай тамаша хок­кей кортының ашылуы өте қуа­нышты, – дейді ферроқорытпа зауыты­ның директоры Сергей Прокопьев. – Енді үзілмес хоккей дәстүрін жалғас­тыруға мүмкіндік мол. Спорт жастар, балалар үшін, үлкендер үшін қашанда қажет. Айтса айтқандай, Рио Олимпиа­дасына қатысқан еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәулет Шабанбай ақсулық. Биыл «Достық» стадионында тамыз айында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында еліміздің кен-металлургия өнеркәсіптері спортшылары арасында ХVІІІ спартакиада өтті. Оған 7 алып кәсіп­орын қатысып, 500-ден аса спорт­шы­лар, қонақтар келді. Жарыс футбол, үст­ел теннисі, шахмат, волейбол, бас­кет­бол секілді бірқатар спорттың түр­лері­нен өтті. Нәтижесінде, Ақсу фер­ро­­­қорытпа зауытының спортшылар ко­ман­дасы бірінші орынды жеңіп алды. Ал спорт кешені ашылған күні Тәуел­­­сіз­діктің 25 жылдығы құрметіне орай хок­­кейші балалар командасына құны 1 миллион теңге тұратын шай­­­ба­­лы хоккей сертификаты табыс етілді. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы, Ақсу қаласы