• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
18 Желтоқсан, 2016

Астанада шырша шамы жағылды

367 рет
көрсетілді

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шаралар легі елордада шарша шамын жағумен жалғасын тапты. Айтулы мейрам құрметіне республика жұртшылығы қатарынан төрт күн демалғаны белгілі. Астаналықтар мен қала қонақтарының бұқаралық серуені сәтті әрі қызықты өтуі үшін «Хан Шатыр» сауда-ойын сауық орталығының маңынан арнайы Мұз қалашығы салынып, бас шыршаның шамы жағылды. Қала әкімі Әсет Исекешев жаққан биылғы бас шыршаның биіктігі 26 метр. Қызылды-жасылды әрқилы ойыншықтармен безендірілген бас шыршаның түнгі көрінісі әсем болуы үшін оған 300 000 мыңнан астам түрлі түсті шам ілінген. Сондай-ақ, салтанатты шараны тамашалауға келген жұртшылық назарына қала өнерпаздарының мерекелік бағдарламасы ұсынылды. Мұздан жасалған ертегілер әлеміндегі кейіпкерлер мүсіндері мен қауіпсіз сырғанақтар көңілдерге қуаныш сыйлап, шат-шадыман етуде. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне орай, ұйымдастырылған арнайы отшашуда 500 қар мен 3 000 түрлі-түсті шар көрініс беріп, түнгі Астананың ажарын аша түсті. Нұрлыбек Досыбай, "Егемен Қазақстан". Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ