• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2016

Мен әлемді таңғалдыруға дайынмын - Джейкобс

197 рет
көрсетілді

Америкалық Дэниэл Джейкобс жеңіліп көрмеген қазақстандық Геннадий Головкинмен алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Джейкобс Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жек жайлы видеоүндеу жариялады. "Жаңалығым бар. Мен 18 наурызда Madison Square Garden аренасында GGG-мен жұдырықтасамын. Күттіріп қойғаным үшін кешірім сұраймын. Бір жағдайларды реттеу керек болды, енді барлығы өз орнына келді, үмітім зор. Мен әлемді таңғалдыруға дайынмын. Бруклин, бұл қолымнан келеді", - дейді Джейкобс. Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жекке қашан шығатынын жариялаған еді. GGG Дэнни Джейкобспен 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Жекпе-жекті HBO (PPV) арнасы тікелей эфирде көрсетеді.