ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы кезінде 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасындағы инвестициялық белсенділіктің жай-күйі талқыланды.
Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев экономикалық өсімнің оң қарқынын ұстап тұрудың басты шарттарының бірі инвестициялық белсенділікті арттыру екенін атап өтті. Биылғы 11 ай ішінде инвестициялар көлемі 4,7%, 6,0 трлн. теңгеге дейін өсті. Өсімге «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында индустриалдық-инновациялық жобаларды және ИИД МБ, дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыру ықпалын тигізді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері тікелей шетелдік инвестициялардың оң динамикасын атап өткен жөн. Мәселен, қаңтар-қыркүйек айларында тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағымы 12,1 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 4,4 есеге жоғары.
Арнұр Асқаров, "Егемен Қазақстан"