• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2016

Елордада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуге көшті

143 рет
көрсетілді

Астанада екінші күн қатарынан бұрқасын басылмай тұр. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуге көшті, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Бүгін «Астана Тазалық» ЖШС-інен қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына 228 жол жұмыскері шығып, 344 арнайы техника тартылды. Кеше ғана қала аумағынан 40 435 текше метр қар шығарылып, 514,50 текше метр құм-тұз қоспасы себілді, сондай-ақ 26 тонна «Айсмелт» реагенті пайдаланылды. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін  қар жауып, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -7  -9 градус, түнде -13  -15 градус болады.