• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2016

Анкарада АҚШ елшілігі жанында оқ атқан адам ұсталды

173 рет
көрсетілді

Анкара полициясы АҚШ елшілігі аумағына жақын жерде бірнеше рет ауаға оқ атқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Сахин С" атты ер адам Анкарадағы АҚШ елшілігі жанына келіп, 8 (кей деректерде 9) рет ауаға оқ атқан.

Қазір аталған азамат ұсталып, тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше сағат бұрын АҚШ елшілігі жанында белгісіз біреудің оқ атқаны хабарланған еді.