Қазақстанның Сыртқы істер министрі 2016 жылдың 22 желтоқсан күні Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі.
Сапар барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен ҚР СІМ басшысы кездеседі деп жоспарланған. Сонымен қатар, Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінде екіжақты келіссөздер жүргізіледі.