• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2016

Елбасы Алматы қаласындағы мұражайда болды

179 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті жұмыс сапары барысында Алматының жаңа мұражайы экспозициясымен танысты, деп хабарлады akorda.kz. Бұл мұражай өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен көрсететін ірі ғылыми әрі мәдени орталық болып саналады. Музей қорында 40 мыңға жуық экспонат, соның ішінде бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының үздік топтамасы, түрлі дәуір мен мәдениетке жататын тұрмыстық заттар, нумизматика жәдігерліктерінің жиынтығы және басқа да мұралар бар. Мұражай экспозициясы 11 залдан тұрады, онда мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы Алматының көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы бейнеленген.