• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2016

Назарбаев Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады

102 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы 19 желтоқсандағы террорлық акт салдарынан Берлин қаласында көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев А.Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.