Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен қазақстандық боксшының арасында өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы өз пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Альварес пен Головкин міндетті түрде шаршы алаңда айқасуы тиіс. Себебі, бұған бүкіл әлем көз тігіп отыр. Мұны тіпті, әйгілі Моралес пен Баррера арасында өткен «соғысқа» пара-пар деуге болады. Том Леффлер (Головкиннің промоутері) «Канелоның» өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл іс тоғыз айдан кейін орын алады деп ойлаймын. Бірақ қазіргі басты жұмысымыз – наурыз айындағы кездесуге дайындалу», – деді Санчес.
Ал «Канело» мамыр айында отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен айқасады.
«Меніңше, Головкин мен кіші Чавестің әдістері өте ұқсас. Екеуінің арасында кездесу өтуі мүмкін.