• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

Вашингтондық оқушылар АҚШ-тағы Қазақстан елшілігін аралады

114 рет
көрсетілді

Қазақстан – америкалық балалар көзімен. Вашингтондық 5-сынып оқушылары АҚШ-тағы Қазақстан елшілігін аралады, деп хабарлайды Хабар24. Алдымен мұндағы 1888 жылы салынған Шерман Хаус атты ғимаратында болды. Одан кейін Қазақстан туралы бейнеролик көріп, ел туралы әңгімеге құлақ түрді. Бұл шара өзге елдердің елшіліктерін аралау арқылы мәдениетімен таныстыратын Embassy Adoption Program бағдарламасы аясында өткізіліп отыр. Қазақстан елшілігі де АҚШ астанасындағы білім беру мекемелерінің бағдарламасындағы осы бір жаңашылдыққа қосылған. "Маған елшіліктің ғимараты ұнайды. Мен бұрын-соңды мұндай әдемі кеңсені көрмеппін. Мұғаліміміз Стефани Томпсон ханым бізге Қазақстан туралы көп нәрсе айтты. Сыныптағы оқушыларға Қазақстандағы әдемі жерлердің суретін де көрсетті," - дейді Leckie Elementary School бастауыш мектебінің бесінші сынып оқушысы Кендра. "Embassy Adoption Program бағдарламасының ашылғанына 42 жыл болды. Бағдарлама аясында Вашингтондағы дипломатиялық миссиялар сыныптар арасында бөліп беріледі де, оқу жылы барысында оқушылардың сол дипмиссия тиесілі ел туралы баяндаушы түрлі танымдық шаралар өткізіледі. Биыл бағдарламаға 79 елшілік қатысып отыр. Бұл мейлінше жоғары көрсеткіш саналады. 5 пен 6-сынып оқушыларының өзге елдерді танып-білуін бақылау біз үшін үлкен ғанибет. Бүгін біз Қазақстанмен жақынырақ таныстық және сіздерге қонақжайлылық үшін алғыс айтқым келеді," - дейді «Вашингтон орындаушылық өнер орталығының» ағарту ісі жөнінен менеджері Триша Тэйлор.