Иллионойс Университетінің ғалымдары ми қызметіне пайдалы деген үш тағамды атады, деп хабарлайды The Daily Mail. Ол қатарда брокколи, саумалдық (шпинат) және жұмыртқаның сарыуызы бар.
Ғалымдар жасаған ғылыми тәжірибеге 65-75 жас аралығындағы 120 адам қатысқан. Зерттеу нәтижесінде жоғарыдағы тағам құрамындағы лютеин деңгейі интеллектің жоғары болуына әсер етеді екен.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін америкалық ғалымдар сүттің де ми қызметіне жақсы әсер ететінін айтқан болатын.