• RUB:
    5.04
  • USD:
    487.42
  • EUR:
    531.39
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2016

25 жылдыққа арналған марка

190 рет
көрсетілді

«Қазпочта» АҚ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы шығарылған «Мәңгілік Ел» маркасының пошталық айналымға енгізілгенін хабарлайды. Марканың басылымы төрт бояулы, офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – 20 маркадан тұратын маркалы парақ. Парақтық өлшемі 168 х 200 мм, әрбір марканың өлшемі 28 х 40 мм., Пошталық марканың белгіленген бағасы 100 теңге. Таралымы 7500 дана. УФ – бояулы қорғанысы бар элементтер қолданған. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.