• RUB:
    5.04
  • USD:
    487.42
  • EUR:
    531.39
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2016

Халықаралық фотокөрме ұйымдастырылды

307 рет
көрсетілді

Астанадағы Назарбаев Уни­вер­ситетте Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және Қазақстан Республикасы мен Қы­тай Ха­лық Республикасы ара­сында дипломатиялық қаты­нас­тардың орнағанына ширек ғасыр толуына, сондай-ақ, «Ұлы Жібек жолының экономикалық бел­деуі» бастамасының 3 жыл­ды­ғына арналған Қазақ­стан­дағы алғашқы «Ислам мәд­ениеті және Ұлы Жібек жолы­ның тұрмысы» – фотоөнер шеберлерінің үздік туындылары» атты халықаралық фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. 2013 жылдың қыркүйек айында осы университетте бол­ған кездесуде Қытай Халық Республикасы тарапынан «Ұлы Жібек жолының экономикалық бел­деуі» бірлескен жобасын бас­тау жөніндегі бастама кө­теріліп, ол Қазақстан тарапынан қолдау тапқан болатын. Содан бері бұл бастамаға 100-ден астам ел мен халықаралық ұйым атсалысып отыр. Ал Жібек Жолы Қытай елінен бастау алғаны белгілі. Ұлы Жібек жолы сауда-саттықтың негізі бола отырып, бұл керуен арқылы бірнеше елдер мен ұлыстардың мәдениеті де бір-біріне кеңінен ықпал етті. Бүгінгі Қытай мемлекеттік өнер қоры мұрындық болып отыр­­­ған іс-шараға 65 елдің фото­шеберлерінің туындылары ірік­теле келіп, солардың ішінен ең өрелі 200 өнер туындысы көрмеге қойылыпты. Қазақстан дүнгендерінің қауым­дастығы мен Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елші­лігінің қолдауымен өткізіліп отырған көрмеде Қытай, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Оман, Мысыр, Бі­ріккен Араб Әмірліктері, Бангладеш, Вьетнам сияқты бірнеше әлем елдерінен белгілі фотосуретшілердің туындыла­ры ұсынылған. Фотолар Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің мәдениетін, салт-дәстүрін, адами болмысы мен тұрмыс-тіршіліктің сан қыр­­лы саласын қамтып, ислам мәдениетінің алуан қырын тал­ғам­паздықпен көрсете біл­ген. Олар Ұлы Жібек жолы елде­ріндегі тіршіліктің көп қырлы әлемін паш етеді. Берік САДЫР, «Егемен Қазақстан» Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»