• RUB:
    5.04
  • USD:
    487.42
  • EUR:
    531.39
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2016

Ақтау портындағы алғашқы әскери айлақ

277 рет
көрсетілді

Каспий – Қазақстанды сауда-саттық, халықаралық тасымал тұрғысында әлем елдеріне алып шығатын теңіз қақпасы.  Су айдынының қазақстандық секторының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еліміздің Әскери-теңіз күштері бөлімдері күні-түні қырағы күзетте. Аталмыш әскери құры­лым тәуелсіздік мерекесі қар­саңында зор жаңалыққа ие болды. Қазақстан Әскери-теңіз күштері тарихында алғаш рет Ақтау теңіз-сауда порты аумағынан әскери ай­лақ ашылды. Құрылыс жұ­мыстары биыл ақпан айында басталған айлақтың ұзындығы 400 метрден асады, ал құрылыс жұмыстарына 3 миллиардтан астам теңге жұмсалған. Бұған дейін әскери кемелер Баутин кентіндегі айлақ­ты жалдамалы негіз­де пайдаланып келген болатын. Әскери базадан 140 шақырым қашықтықта орналасқан Баутин айла­ғына барып қыз­мет ету Ақ­тау қаласында тұратын әскери қызметкерлер үшін қолайсыздық тудырып келген еді. Ке­мелер бұрын толық әскери дайындыққа келу үшін  алты сағат уақыт керек болса, енді небәрі екі сағатта сақадай-сай бола алады. Сондай-ақ, Каспий теңізінің қазақстандық секторында болуы мүмкін келеңсіздіктердің дер кезін­де алдын алуға, әскери-техни­калық қауіп­сіз­дікті қам­тамасыз етуге мүмкіндік тудыр­ды. Оған қоса, бұл Каспий теңі­зінің қазақстандық секто­рын­дағы ықтимал келең­сіздік­тердің дер кезінде алдын алу­ға әскери-техникалық қауіп­­сіздікті қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбас­шысы, вице-адмирал Жан­дарбек Жан­зақовтың айтуынша, әскери теңізшілер бұл тұрақты он жыл күткен. Айлақтың жақын болуы әскери теңізшілерге қатысты әлеуметтік мәселелерге де оң әсер етпек. Айтуынша, «Antares Platinum» ЖШС-нің жобалау­ымен «Әскери-Құрылыс» АҚ салған жобалық қуаты 10 әскери кемеге арналған айлақта Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі жаға­лау күзе­тінің кемелері де орна­ласпақ. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы