• RUB:
    5.04
  • USD:
    487.42
  • EUR:
    531.39
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2016

Шаңғышылар мен биатлоншылар Қазақстан Кубогы үшін жарыс жолына шығады

313 рет
көрсетілді

Ертең Алматыдағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде шаңғы спорты мен биатлоннан Қазақстан Кубогы үшін ашық жарыс басталады. Желтоқсанның 27-іне дейін созылатын бұл сайыста ерлер, жасөспірім қыздар мен ұлдар жарыс жолына шығады. Жарысты Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстан ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы, Шаңғы ұлттық федерациясы және XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада дирекциясы ұйымдастырды. Кубок сайысына еліміздің Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүс­тік Қазақстан облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан келген спортшылар қатысады. Жарыс халықаралық Шаңғы федера­циясының (FIS) күн тәртібіне енгізілген. Елішілік жарыстың басты мақсаты қаңтар айында Алатау баурайында алау­ы тұтанатын қысқы студенттік ойындары қарсаңында барлық функциялық бағыт­тарды тексеру болып отыр. Жарыста биатлон сайысы біліктілік, спринт, пурсит, эстафета түрлерінде, ал шаңғышылар сайысы жеке күш сынасу, ізбе-із қуалау, спринт түрлерінде бәсекеге қыздырады.