• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2016

Мексикадағы жарылыс салдарынан 30 мың адам жұмыссыз қалды

200 рет
көрсетілді

Сейсенбі күні Мехико штатындағы Сан-Паблито пиротехника базарындағы жарылыс 30 мыңнан астам жергілікті тұрғынды жұмыссыз қалдырды. Бұл туралы муниципалитет басшысы Тультепек Армандо Португес Фуэнтес мәлім етті, деп хабарлады ТАСС агенттігі. Оның айтуынша, материалдық шығын 35 млн песодан асады ($1,7 млн астам). «Саудагерлер жұмыссыз қалды,  жергілікті тұрғындардың басым бөлігінің күнкөрісі де Сан-Паблито базарымен байланысты еді», - деді Фуэнтес баспасөз мәслихатында. Базарда Тультепекте өндірілген пиротехникаларды сататын 300-ге жуық дүңгіршек пен павильондар болған. Апат 32 адамның өмірін жалмады, ондаған адам зардап шекті.