Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауданың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 331,74 теңгені құрады.
Доллар бағамының төмендеуі кешегі мұнай бағасының қымбаттауымен байланысты болса керек. Кеше қара алтынның құны барреліне 55,60 долларға дейін жеткен еді.
Ал бүгін мұнай қайта азрандап, 54 долларды маңайлады. Тиісінше бұл жолғы доллардың арзандауы ұзаққа бармауы мүмкін.