• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2016

Apple-дың сымсыз құлаққаптары сатыла бастады

117 рет
көрсетілді

Қазан айында пайда болған AirPods сымсыз құлаққабы Apple компаниясының ресми интернет-дүкенінде сатылымға шықты, деп хабарлайды компанияның ресми сайты. iPhone 7 және 7 Plus смартфондарымен бірге таныстырылған компанияның алғашқы сымсыз құлаққабын желтоқсан айының ортасынан бастап дүкен сөрелерінен көруге болады. Бағасы 159 АҚШ долларын құрайды (~53 000 тг.). Өндірушілердің сөзінше, тапсырыс 2 апта ішінде жеткізіледі. Құлаққап Siri жүйесі арқылы басқарылады. Siri сұрақ-жауапқа негізделген дербес көмекші жүйе. Құлаққапты 2 рет басып дауыс ырғағын жөндеп алсаңыз болады. Оны телефоныңызға қосқан сәттен барлық Apple құрылғыларына жалғанады. Қазіргі уақытта аталмыш өнім 100-ден астам елде қолжетімді болып отыр.