• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2016

Қызылорда облысында жүрекке ашық ота жасау көбейді

238 рет
көрсетілді

Биыл жоғары мамандандырылған медициналық көмек ауқымының кеңеюіне орай, республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде жүрекке ашық ота жасау 20%-ға, нейрохирургиялық операциялар саны 27%-ға, эндопротездеу саны 2 есеге дейін өсті. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады. - Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап облыста офтальмохирургиялық орталық ашылды. Жергілікті бюджеттен 90 млн. теңгеге жоғары диагностикалық құрал-жабдықтар сатып алынып, өткен жылмен салыстырғанда жасалған ота санының 2 есеге дейін өсуіне септігін тигізді. Облыста офтальмологиялық орталықта алғаш рет глаукомалық кабинет ашылып, 2000-нан астам науқас глаукомамен есепке алынды. Сынақ режимінде Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы ашылды,- деді Ақмарал Әлназарова.