• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Банкрот болған «биохим» қайтадан іске қосылады

235 рет
көрсетілді

Осыдан 10 жыл бұрын Тай­ынша ауданында ин­дус­­триялық-инновациялық жә­не агроазық-түлік бағ­дар­ла­ма­лары бойынша 10 миллиард те­ңгеге «Биохим» өндірістік ке­шені бой көтеріп, ТМД-дағы тұңғыш озық технология ретінде бағаланды. Сапасы тө­мен, сұрыбы нашар бидайды қалдықсыз өңдей отырып, ас­тық балуызын, биоэтанол алу, бензиннің осы қоспасы арқылы ауаға шығарылатын зиянды заттар мөлшерін 30 пайызға дейін азайту міндеті қойылды. Бұдан тысқары кешенде сапалы ұн, жемазық ашытқысын өндіру, мал бордақылау ала­ң­ын, сүт фермасын құру, астықтың күнжара, кебек сияқ­ты қалдықтарын пайдалану жос­парланды. Алайда, «ХХІ ға­сырдың биотехнологиялық клас­тері» деген жанама атау берілген кәсіпорын кре­д­и­тор­лық қарыздардың кө­беюі, тағы басқа себептер сал­дарынан ауыл­шаруашылық өнім­де­рінің бәсекеге төтеп беру қа­бі­леттілігінен айырылып, өз жұ­мысын тоқтатуға мәжбүр болды. Енді, міне, қалталы алпауыттар жеті жыл бойы қаң­та­рылып тұрған зауытты тездетіп қалпына келтіруге кірісті. Облыс басшысы Ерік Сұлтанов Тайынша ауданына барған жұмыс сапарында өндіріс орнында болып, инвес­торлармен кездесті. Әңгіме барысында кешенді іске қо­суға дайындық шаралары тал­қыланды. «Bio Operations» ком­паниясы «ҚазМұнайГаз» АҚ және «BioLinekz»ЖШС-нің қатысуымен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Диірмен, одан кейін крахмал, ұлпа өндіретін цехтар жаңартылады. Оларға құ­рал-жабдықтар Кытайдан, Ресей­ден, Түркиядан, Англиядан әкелініп, орнаты­ла­­ды. Ұнға деген іш­кі-сыр­т­­қы сұраныс ескеріліп, қа­зан­дықтарды, қоймаларды, диір­мендерді жедел іске қосу тап­сырылды. Іскерлік кездесу ба­ры­сын­да кешеннің сумен жаб­дық­­талуына, электр жа­ры­ғы­­на, жылу жүйе­­сіне қо­сы­луы­­на барлық тех­ни­ка­лық мүм­кін­дік­тердің жұ­мы­л­ды­ры­ла­тыны, бөгесін болмайтыны ай­тылды. «BioLinekz» ЖШС-нің жоба­лау жөніндегі директоры Жандос Есенбайдың айтуынша, бүгінде кешенге су, телефон, электр желілерін тартудың техникалық шарттары жасалып, қондырғылар сараптамадан өткен. Жоспар бойынша ірі өндіріс ошағы келесі жылы бидай өңдеп, ұн, крахмал шығара бастайды. 220 адамды тұрақты жұмыспен қамту белгіленген. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы,