• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Оңтүстік Корея президентіне қатысты сот істі басталды

171 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяның конституциялық соты ел перзиденті Пак Кын Хенің ісіне қатысты парламент жариялаған импичментті бастады, деп хабарлайды "Хабар 24". Оған «өзінің құрбысына ел билігін беріп, қызметін асыра пайдаланды» деген айып тағылды. Конституциялық сот ең бірінші 2014 жылғы сал қайығының апаты кезінде президенттің 7 сағатқа кешігуінің себебі не екенін анықтамақ. Сол кезде 300-ге жуық адам қаза тапқан еді. Марқұмдардың дені оқушылар болатын. Айта кетейік, 9 желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті президентті қызметінен босатуды қолдап, дауыс берді. Араға 10 күн салып осы іске қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Осылайша, Пак Кын Хе ел тарихында төңкеріссіз қызметінен босатылған алғашқы мемлекет басшысы болуы мүмкін.