• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Делиде Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

130 рет
көрсетілді

Делиде Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің қолдауымен «Welcome to Kazakhstan. Country of Nomads» интерактивтік туристік көрмесі өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. Көрмеге  150-ден астам адам қатысты, шарада  Қазақстанға келуге құштарлық білдірген  жергілікті туристік  бизнес  өкілдері мен  сәйкес ұйымдар болды. Қазақстанның Үндістандағы елшісі Болат Сәрсенбаев екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықтың  жоғары деңгейін атап өтті. Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Үндістаннан шығатын туристік ағын  өткен жылмен салыстырғанда  35 пайызға көбейді. Үнділік тараптың басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларына келуді қалайды. Дипломат ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі  келе жатқан жылдың ең басты оқиғасы болып отыр.  Көрменің өзі Үндістаннан туристерді тартуға  мүмкіндік береді.