• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Маңызды шешімдер қабылданған басқосу

119 рет
көрсетілді

Таяуда Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы өтті. Аталмыш отырыс Санкт-Петербург қаласында үстіміздегі жылдың 26 желтоқсанында болатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы қарсаңында өтіп отыр.  Отырыстың күн тәртібіне 19 мәселе енгізілді. Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады. Талқылау қорытындысы бо­йынша қатысушы мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сауда, экономика және қаржы саясаты, энергетика және инфра­құрылым, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, өнер­кәсіп, техникалық реттеу салалары бойынша бірқатар маңызды шешім­дер қабылдады. Комиссия Кеңесі отырыс барысында ЕАЭО шеңберіндегі Өнер­кәсіптік ықпалдастықтың негізгі бағыт­тарын жүзеге асыру­дың біре­гей мониторингі мен нәтиже­лерді талдауы туарлы ереже­ні бекіт­ті. Құжат Өнеркәсіптік ынты­мақтас­тық одағының дамуын, негіз­гі бағыт­тарды жүзеге асыру жоспар­лары­ны­ң орындалуына талдауды, олар­ды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс­тар­дың тиім­ділігін арттыруды сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіш­терді айқындауға бағытталған. Сондай-ақ, Өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактілеудің еуразиялық желісін құру тұжы­рымдамасы бекітілді. Тұжы­рым­­дамада субконтрактілік тапсы­рыс­т­ардың ықтимал әріптес­тері мен жеткізіп берушілерін іздеу үшін шешуші ақпараттық және инте­грациялық ресурс ретіндегі мүше мемлекеттердің өнеркәсіп кәсіпорын­дарының бірегей реестрі базасында еуразиялық желі құру қарастырылған. Кеңес мүшелері ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің Комис­сияға ЕурАзЭҚ аумағына енгі­зілетін кедендік тауарлар туралы ақпарат­ты ұсыну тәртібін қарады. Мұн­дай өзара іс-қимылдар статис­т­и­ка­­лық мәліметтер беруді жү­зеге асыруға, сондай-ақ, ЕурАзЭҚ ел­дері өндірушілерінің мүд­де­лерін ілгерілету бойынша уақты­лы шаралар қабылдауға жағдай жасай­ды. Кеңес отырысының қоры­тын­дысы бойынша Еуразиялық эко­номикалық одақты одан әрі дамы­туға бағытталған өзара тиімді шешім­дерге қол жеткізілді. Жоғарыда атап өтілгендей, үсті­міздегі жылдың 26 желтоқ­санын­да Санкт-Петербург қала­сын­да Жоғары Еуразиялық эконо­ми­калық кеңестің Мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы өтеді. Жоғары кеңес отырысы шең­бе­рін­де ЕурАзЭҚ-тың Кеден ко­дек­сі­не қол қою жоспарланған. Атал­­­мыш құжаттың қабылдануы ЕурАзЭҚ шеңберінде кедендік про­це­ду­ра­­лар­дың бүкіл кешенін рет­теуге жағдай жасайтын болады. ЕурАзЭҚ-тың халықаралық қыз­меті мәселелеріне айрықша назар аударылмақ. Оның сыртында Жоғары кеңес отырысы шеңберінде Мемлекет басшылары ЕурАзЭҚ-тың ортақ электр энергиясы рыногын құру бағ­дарламасын қарайтын болады. Оны жүзеге асыру аталмыш интеграциялық бірлестік шең­берін­д­е электр қуатын еркін саудалау үшін қажетті мүмкіндіктер туғызбақ. Мемлекет басшылары, сондай-ақ, Үйлестірілген көлік сая­саты­ның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру сатыларын қарайтын болады. Сол сияқты Жоғары кеңес отырысында Қызмет көрсетулер секторы бойынша бейтараптандыру жоспарын және Сауданы қызмет көрсетулермен, мекемелермен және қызметтермен реттеу ережесін бекіту жоспарланып отыр.