• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Іскерлік әріптестіктің ілкімді әлемі

438 рет
көрсетілді

«Бәйтерек» ұлттық хол­дингі­нің ұйытқы болуымен Қазақ­стан – Иран іскерлік кеңесінің 3-оты­рысы өтті. Бұл шара екі ел ара­сындағы бизнес-форум шең­берінде ұйымдастырыл­ды. Оты­рыс­ты Ин­вес­тициялар және даму ми­нистрі Жеңіс Қасымбек пен Иран Ислам Рес­пуб­ликасы президенті әкім­ші­лігінің басшысы Мохоммад Наха­ван­диан ашып, жүргізіп отырды. Қазақстан мен Иран арасын­дағы іскерлік байланыстың тамы­ры тереңде. Екі елдің дос­тық рәуіш­­тегі қарым-қатынасына келер жылы ширек ғасыр толмақ. Екі­­жақты келісімнің нақты нәти­же­лері сауда-экон­о­микалық, ин­вес­­­тициялық әріптестік сала­сын­да айқын көрініс тауып отыр. – Мемлекетаралық байла­ныс­­тың шең­берінде Иран кәсіп­керлерінің отандық нарық­тағы қызметін жолға қоюына барын­ша мүмкіндіктер қарастырылған. Ин­вес­­ти­циялық жобалар мен сауда операция­ларының кедергісіз атқарылуына Қазақстан тара­пы­­нан қолдау бар. Үкіметтік ба­ғдар­­ла­малар­дың негізгі операторы болып табы­латын «Бәйтерек» холдингі тарапы­н­ан қазақстандық кәсіпкерлердің Иран нары­ғына шығуына да жағдай жасалуда. Бұл жұмыс нәтижесіз емес. Екі ел іскерлерінің бүгінгі бас қосуы дәстүрлі байланыстардың жаңаша сипатта дамуына серпін беретіні анық. Осы мақсатта біз Иран даму институт­тарымен серіктестікті белсенді дамытудамыз, – деді отырыста сөз алған «Бәйтерек» ұлттық холдингі АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев. Ал бұған дейін өткен Қазақ­стан – Иран іскерлік кеңесінің отырысында ауыл шаруа­шылығы, мұнай өңдеу секторы және маши­на жасау салаларында бірігіп ат­қа­ры­­латын істер айқындалған еді. Атап айтқанда, «Бәйтерек» ұлт­тық басқарушы холдингі» АҚ пен Иранның Ұлттық даму қоры арасындағы ынтымақтастық ту­ралы меморандум жасалып, жалпы құны 1 млрд АҚШ доллары шамасындағы 48 түрлі келісімге қол қойылған болатын. Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»