• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Жапонияда туу көрсеткіші азайып жатыр

473 рет
көрсетілді

2016 жылы Жапонияда 981 мың бала дүниеге келген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 25 мыңға аз, деп хабарлайды Haberler басылымы Kyodo агенттігіне сілтеме жасап. Жапонияның денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елдегі 20-30 жас аралығындағы әйелдердің азаюы туу көрсеткішіне осылайша әсер етіп отыр. Ертеректе ел премьері Синдзо Абэ үкіметтің 2025 жылға дейінгі туу көрсеткішін көтеру бағдарламасын жариялаған еді.