Гарвардтың ғылыми қызметкерлері адам ақылы 30 жасқа дейін кемелденетіні туралы айтты, деп жазады New Yok Post.
Гарвард университетінің Сомервилль бастаған бір топ ғалымдары бұрын жүргізілген ғылыми жұмыстарын сараптап, ми қызметі өзінің дамуын тоқтатпайтынын анықтады. Олардың айтуынша, оның қашан тоқтайтынын айтып болжау да әзірге қиынға соғып отыр. Бірақ 30 жастан кейін адамның шешім қабылдауға, қауіпті бағалауға және зейінге жауап беретін бөлігінің қызметі бәсеңдей түседі екен. Ал ғалымдардың зерттеу нәтижесінде ми қызметінің ең белсенді шағы 20-30 жас аралығында байқалған.