• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

«Тобыл» футбол командасы жабылуы мүмкін

224 рет
көрсетілді

Қостанайдың «Тобыл» футбол командасы сатылымға қойылды. Бұған ниет білдіргендер жалпы соманы бір жылдан үш жылға дейін бөліп төлей алады, деп хабарлады vesti.kz. «Алғашқы екі келіссөз сәтсіз аяқталғандықтан комиссия бұл іске жеңілдіктер енгізуді жөн көрді. Енді сатып алушы жалпы соманы бір жыл мен үш жылдың арасындағы мерзімде төлей алады. Ал клубтың құны – 25 миллион теңге», – деді Қостанай облысы қаржы басқармасы төрағасының орынбасары Алма Жүсіпова. Айта кетейік, «Тобылды» сату жөніндегі соңғы әрі үшінші аукцион 20 желтоқсанда өтуі тиіс болатын, бірақ 29 желтоқсанға шегерілді. Ал заң бойынша үшінші ретте сауда жұмыстары аяқталмаса ұйым ресми түрде жабылады.