Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 328,18 теңгеге теңесті.
Апта басынан бері шикізат нарығы ұлттық валюта үшін оңтайлы болып, сәрсенбі күнгі аздап әлсірегені болмаса, теңгенің нығаю қарқыны жоғары екені байқалады.
Келер жылы ОПЕК+ келісімінің орындалу ықтималының жоғарылығы мұнай экспорттаушы елдер валюталарына тиімді жағдай қалыптастыруда.