• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Өскеменде балабақша қызметкерлеріне смартфон пайдалануға тыйым салынды

282 рет
көрсетілді

Өскемен балабақшаларындағы тәрбиелеушілер мен күтушілерге смартфон пайдалануға тыйым салынатын болды. Бұл туралы ustinka.kz хабарлады. Байланыс құралдары ретінде мектепке дейінгі мекемелерде тек пайдалану реті шектеулі, тетікті телефондары ғана қолданылады. Заманауи гаджеттердің тыйым салынғаны туралы қалалық білім бөлімінде айтылды. «Мұндай шешім 2016 жылғы 30 қарашадағы ШҚО ата-аналар қоғамының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша шығарылды. Бұл балалардың қауіпсіздігіне бағытталған. Себебі, тәрбиелеуші ұялы телефонына алаңдамай, бүлдіршіндерге тиянақты қарауы керек. Мұнымен қоса, ол смартфонын қуаттағышқа қосып кетіп қалуы мүмкін. Ол да қауіпті», – деп хабарлады аталған мекеме. Өскемен қаласының білім бөлімінде смартфонды балабақшада пайдаланбау талабы қаладағы барлық мектепке дейінгі мекемемелерге қойылады.