• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Ақтауда бейнекамералар орнатуға 159 млн теңге бөлінген

267 рет
көрсетілді

Ақтауда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 20 айналмалы камера сатып алынады. Жалпы, бейнекамера желісін арттыру үшін облыстық бюджеттен 159 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды lada.kz.  Басылымның хабарлауынша, "Қауіпсіз аула" бағдарламасы бойынша Ақтаудың екі шағын ауданына бақылау камералары орнатылады. Бір айта кетерлігі, қазір Ақтауда 95, Жаңаөзенде 38 бақылау камералары бар. Олар жедел басқару орталықтарына қосылған. "Бұл шара халық көп жүретін жерлерде қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді. Жылдың басынан бері Маңғыстауда бейнежазбалар арқылы 195 қылмыс ашылды. Сонымен қатар 28 136 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды", дейді Маңғыстау ІІД өкілдері.