Алматыға өзінің жеке сапарымен келген Рой Джонс «Достық» спорт кешенінде баспасөз мәслихатын өткізді.
«Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Мен сіздердің елдеріңізді сүйемін. Қазақстан - үздік боксшылар отаны. Сіздердің елдеріңізді адамдарды ұлтқа, нәсілге, дініне қарамай құрметтеп, сыйлайды, сонысы қатты ұнайды», - деді Рой Джонс. Боксшының өзі Қазақстанға кәсіби бокстың дамуына көмектесу үшін келгенін айтты. Сонымен қатар екі адамға екі былғары қолғапты қолтаңбасымен сыйға тартты.
Естеріңізге сала кетсек, кіші Рой Джонс - АҚШ-тың кәсіпқой боксшысы. 1988 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.