• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Рой Джонс: Головкин - супер күш

220 рет
көрсетілді

Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Рой Джонс Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында Головкин-Джейкобс жекпе-жегі туралы және GGG-мен өзі қолғап түйістірсе қалай болатыны туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. "Құрама Штаттарында маған кім бәсекелес бола аларын білмеймін. Мен үшін әлемде айтарлықтай қауіпті дей алатын екі боксшы бар. Меніңше, Головкинмен жекпе-жек өте ауыр болатын еді. Головкинмен рингке шығатындай Джейкобс соншалықты мықты деп ойламаймын. Головкин - супер күш. Сондықтан Головкиннің күшіне қарсы тұру үшін керемет дағды керек", - деп атап өтті Рой Джонс. Аңызға айналған 47 жастағы боксшыға қазақы оюлары бар бокс шапаны сыйға тартылды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Рой Джонс Қазақстанды үздік боксшылар отаны деп атағанын хабарлаған болатынбыз.