• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2016

Боран құрсауынан 3000 автокөлік шығарылды

152 рет
көрсетілді

Ақмола облысында ауа райы­­ның қолайсыздығынан, өткен тәуліктерде халықаралық, респуб­­ликалық және жергілікті маңыз­дағы 20 бағыт бойынша автокөлік жолдары жабылды. Әсіресе, қар аралас қатты дауыл «Көкшетау – Астана» кү­ре жолында адым жерді көр­сетпей тастаған. Алайда, полиция және төтенше жағдай­лар тарапынан бірнеше мәрте ескертпе жасалғанымен, жүргізушілердің басым бөлігі сапарын жалғас­тырып, өздерін және жолаушылар­ды орасан зор қауіпке ұшыратуда. Басқа бағыттарда да осындай келеңсіздіктер орын алған. Ақмола облыстық ІІД жергі­лікті полиция қызметі тәулік бойғы кезекшілік тәртібі­не кө­шіріліп, жол-көлік оқиғала­рының алдын алуға ықпал жасауда. Барлық бағыттарда қосымша 40 пост және жол-патрульдік қызметінің экипажы құрылып, оған 200 қоғамдық қауіпсіздік өкілі жұмылдырылды. Осының арқасында, 3000-нан астам көлік қауіпсіз жерлерге шығарылған. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы