• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Илья Ильин қандай рекордтарды жаңартатынын айтты

233 рет
көрсетілді

Белгілі қазақстандық спортшы Илья Ильин допинг дауынан кейін өмірінің қалай өзгергенін айтып берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Алғашында әрине, ауыр соққаны рас. Бірақ уақыт емші демекші, қазір жағдайым жақсы. Енді бәрі басқаша болады. Өзімді басқа қырымнан танитын боласыздар (Балалар үйінің тәрбиеленушісі Владимир Мигуновтың атына білім беру депозитін ашқанын меңзеді)», – деді ол. «Жаңа жыл қарсаңында бәріңізге табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін! Өз басым 2017 жылдан тек жақсылықтарды ғана күтемін. Спорттық тұрғыдан бола қоймас бірақ өмірлік рекордтарымды жаңартқым келеді», – деді экс ауыр атлет. Айта кетейік, ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин допинг дауына байланысты медальдарынан айырылған болатын.