• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Қазақстанда алдағы 3 күн боран болады

157 рет
көрсетілді

Қазақстанда алдағы үш тәулікте боран соғып, қалың қар түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Синоптиктердің хабарлауынша, 2016 жылдың соңғы күндеріндегі ауа райын оңтүстік циклоны айқындайды. Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады. Ауа температурасы көтеріліп, оңтүстікте көктайғақ болады деп күтілуде. «Алайда 29 желтоқсанда антициклон ықпалымен солтүстік және шығыс облыстарда қысқа мерзімге күн суытады деп болжануда», - делінген хабарламада.