• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығы № 40

316 рет
көрсетілді

2010 жылғы 8 ақпан  № 40-нқ   Астана қаласы «Ішкі рынокта магистральдық құбыр желілері арқылы мұнай тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулерге төмендету коэффициенті тарифтерді белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 15 тамыздағы № 166-НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Ішкі рынокта магистральдық құбыр желілері арқылы мұнай тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулерге төмендету коэффициенті тарифтерді белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 15 тамыздағы № 166-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылдың 24 қыркүйегінде № 1648 нөмірмен тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 2.  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаменті (Е.О. Есiркепов): 1) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін; 2) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Табиғи монополияларды  реттеу  агенттiгi  төрағасының  орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсiн. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.                                                                      Төраға          Н. АЛДАБЕРГЕНОВ. Келісілген: Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі _______________________С.Мыңбаев. 2010 жылғы