• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Үкімет 2017 жылдың заң жобалары жоспарын қарастырды

110 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметі бүгінгі Үкімет отырысында 2017 жылға арналған заң жобалары жоспарын қарастыруда. Заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған Жоспарында жиырма алты заң жобасын әзірлеу қарастырылған болатын. Алайда жыл басынан Жоспарға бірқатар түзетулер енгізілді. Әділет министрі М.Бекетаевтың айтуынша, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспар жобасы 28 заң жобасын әзірлеуді көздейді. - Парламентке бірінші жартыжылдықта – 10 заң жобасын, екінші жартыжылдықта – 18 заң жобасын енгізу жоспарлануда, - деді М.Бекетаев. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленетін заң жобалары бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Осыған орай, сондай-ақ жүйелі негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының заң жобалары бойынша жария тыңдаулар өткізу жауапкершілігі бекітілген. Арнұр АСҚАРОВ, "Егемен Қазақстан"