• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Атырау қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 47 млн теңге бөлді

118 рет
көрсетілді

Атырау қаласының әкімдігі жаңа жылдық безендіру жұмыстарына 47 миллион теңге бөлді. Бұл туралы mgorod.kz хабарлады. Атырау қаласының әкімі Серік Шапкеновтің айтуынша, қаржы жаңажылдық иллюминацияға, гирляндыға, көше декорациясына және безендірілуіне бөлінді. Қаланың бас шыршасы орнатылды. «Атырауды сүйемін» деген жазбамен барлық бес патриоттық конструкция жарық шамдармен көмкерілген. Бас көшелердегі барлық электр бағандарына мерекелік иллюминация көрік беріп тұр. Кей алаңдарда жаңа жылдың декоративтік нышаны орнатылған. Орталық көпір де жарқ-жұрқ етіп, оттай жарқырап тұр. Айта кетейік, Орталық көпірге жазда «ақылды жарықтандыру» орнатылған. Қалада таяуда «Smart Atyrau» коммуналдық кәсіпорны құрылды. Ол жаңа жылдан бастап көшелерді жарықдиодты шаммен жарықтандырып, «ақылды қала» жобасын іске асырады.