• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

30 елде жаңартылмалы энергия көздері арзандады

178 рет
көрсетілді

Әлемнің 30-дан астам елінде қазба материалдардан алынатын көздерге қарағанда қайта қалпына келетін энергия арзан тұрады. Бұл туралы  Дүниежүзілік экономикалық форумның желтоқсанда жариялаған есебінде айтылған. Ол елдердің арасында Аустралия, Бразилия, Мексика және Чили бар, деп жазады abctv.kz. Қайта қалпына келетін көздерден және қазба отыннан энергия өндірудің құнында тепе-теңдікке жеткен өзге елдер есепте көрсетілмеген. Бұдан біраз бұрын Deutsche Bank осындай мемлекеттер қатарына Еуропаның  11 елін, сондай-ақ Израиль, Жаңа Зеландия, Түркия, Жапонияны қосқан болатын. Дүниежүзілік экономикалық форумның ұзақмерзімдік инвестициялар бөлімінің жетекшісі Майкл Дрекслердің айтуынша, қайта қалпына келетін энергия «өтпелі кезеңді» еңсерді. «Күн және жел энергетикасы қазір бәсекеге қабілетті бола бастады және оның шығындары азайып келеді. Бұл тек коммерциялық өміршең құрал ғана емес, сондай-ақ инвестиция үшін ұзақмерзімді, тұрақты, инфляциядан қорғалған кірісі бар тартымды мүмкіндік», – деп мәлімдеді ол. Алдағы бірнеше жылда барлық елдің  80 пайызында энергиялар құнында тепе-теңдік орнайды, делінген ДЭФ есебінде.