• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Астана көшелерін тазалу үшін коммуналдық техникалар сатып алынды

170 рет
көрсетілді

Астананың көшелерін тазалау үшін заманауи коммуналдық техника сатып алынды, деп хабарлады елорда әкімдігі. Көп ұзамай жаңа техника қаланы тазарту жұмыстарына шығарылады. Атап айтқанда, көшелер мен магистральдардың жүретін бөлігіндегі қарды тазалау үшін төрт қар тазартушы фронталды тиегіш сатып алынды. Онда барлық көрсеткіштерін көрсетіп тұратын сұйық кристалды дисплей бар. Сонымен қатар, 12 коммуналдық шағын трактор да алынды. Ол тиісті жұмыстарды орындау барысында жол жабынын бұзуға жол бермейді. Бұдан басқа, коммуналдық қызметтердің техникасы барлық маусымда қолданылатын 2 механикалық сыпырғыш машиналармен толықты. Бұл машина көшелерді сыпыру кезінде суды қажет етпейді. Нәтижесінде, көктемде көше тазалауға жұмсалатын уақыт пен шығын айтарлықтай қысқарады. «Вотерлес Пеликан» техникасы да бірегей мүмкіндіктерге ие. Ол жолдарда біраз уақыттан бері жатқан құмды, тұзды, мұзды, қоқысты жинайды. Сондай-ақ, құрамдастырылған арнажуғыш машина да сатып алынды, 10 көліктің суару-жуу жиынтығында соқа мен щетка қондырғысы бар, сондай-ақ соқа, щетка және үлестіру құралы бар 12 машина елорда көшелерін тазалауға шығарылтын болады