• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

ЭКСПО-ға қатысушы елдердің саны жоспардан асып кетті

172 рет
көрсетілді

112 ел мен 18 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Мәлімет бойынша  көрмеге 100 ел  мен 10 халықаралық ұйым  қатысатын болған. Бірақ қорытындысында ЭКСПО-2017 көрмесіне 112 ел мен 18 халықаралық ұйым қатысатын болды. 108 ұлттық секцияның комиссары тағайындалды», – деді Е.Ыдырысов. Министрдің айтуынша, ведомство ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне  шетелдік мемлекеттердің қатысуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. «Халықаралық  қатысушыларды тарту – өте күрделі үрдіс. Әрбір қазақстандық елшілікте  ЭКСПО көрмесі үшін жауапті бір тұлға сайланды. Тұрақты түрде  Қазақстанда аккредиттелген шетелдік елшілермен келіссөздер өткізіліп келеді», – деді Е.Ыдырысов. Сондай-ақ, министр айтқандай, көрме аясында ірі халықаралық шараларды өткізуге дайындық жүргізілуде.