• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Қазинвестбанк тарағаннан кейін ондағы депозиттер қай банкке беріледі?

167 рет
көрсетілді

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ), жұмыс істеп тұрған қазақстандық банктер ішінен агент-банкті таңдап жариялайды және аталған агент-банк «Қазинвестбанк» АҚ салымшыларына өтемді төлеуді және есеп айырысу бастайды, деп хабарлады ҚДКБҚ. Заңнамаға сәйкес, бұл банк қаржылық жағдайы тұрақты, ауқымды филиалдық желісі мен инфрақұрылымы арқасында, салымшыларға қызмет көрсетуге бүкіл ел бойынша мүмкіндік береді. Бұл банк «Қазинвестбанк» АҚ салымшыларымен ҚДКБҚ атынан және есебінен жұмыс істейтін болады. ҚДКБҚ таңдалған агент-банкті жарияланғаннан кейін, салымшылар аталған банктің бөлімшелеріне барып кепілдік берілген өтемді төлеу туралы арыз жазады. Құжаттар агент-банкке келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей агент-банкпен өтемді төлеу іске асырылатынын атап көрсеткен. Кепілдіктің ең жоғары мөлшері ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңге; шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге. «Өтемдер негізгі сома шегінде ғана жүзеге асырылады, банктің есептелген сыйақысына кепілдік берілмейді. Егер де банк салымы шартында сыйақыны капиталдандыру көзделсе, онда капиталандыру сыйақысы негізгі депозит сомасына қосылады және кепілдік объектісіне айналады», – делінген хабарламада.