• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Есіл өзенінің жағалауында алып сағат орнатылды

414 рет
көрсетілді

Сағат циферблатының диаметрі – 17 метр. Жарық диодтар түнде әдемі композицияны құрайды. «Сағатқа нақты уақытта көрсететін механизм орнатылған, Есіл өзенінің жағалауындағы жаңажылдық отшашу осы сағаттың тілі 00.00-ді көрсеткенде болады. Сағаттың аумағы көз тартады және қысқы демалысқа таптырмас жер. Елорда тұрғындары мен қонақтарына мұз төбешіктер және 8000 шаршы метр болатын сырғанақ орнатылды», – деп хабарлады мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы. Айта кетейік, Есіл өзенінде орнатылған жаңажылдық сағат әлемдегі ең үлкені болуы мүмкін. Манхэттеннің жанында (Нью-Джерси штаты, АҚШ) Гудзон өзенінде орнатылған баршаға танымал Colgate сағатының диаметрі  15,24 метрді құрайды.