• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Абель Санчес: Головкин Андре Уордты нокаутпен жеңе алмайды

144 рет
көрсетілді

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес қазақстандық боксшыға лайықты қарсылас бола алатын спортшылардың тізімін атады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Осыған дейін айтқанымдай, 154 фунт салмақтан 168-ге дейін көтерілген кез келген боксшы Головкинге 12 раунд қарсы тұра алмайды. Бәлкім, Андре Уордты, Хулио Сезар кіші Чавесті, Карл Форчты нокаутпен жеңе алмас, бірақ қалғандары лайықты түрде жұдырықтаса алмайды. Бұл үшеуінің денесі де ірі, өзіндік стильдері де қалыптасқан. Ал өзгелері кездесуді соңына дейін жеткізе алады дегенге өз басым сене қоймаймын», – деді Санчес. Ол сондай-ақ, әлемдік аренада аты шыққан көптеген боксшылардың Головкинді жекпе-жекке шақырғанмен, іс жүзіне келгенде бұл пікірлерінен айнып жататындығын атап өтті. «Ниет танытқан боксшылармен жекпе-жек өткізу ғана қолымыздан келеді. Көбі Геннадий жайлы былапыт сөздер айтқанмен, Том Леффлерге (GGG-дің промоутері) қоңырау шалуға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Facebook, twitter арқылы кездесу ұйымдастырудың орнына іс жүзінде көрсетуі тиіс. Головкин кімге болсын қарсы тұруға дайын», – деді ол. Айта кетейік, 2017 жылдың 18 наурызында Нью-Йорк қаласында Головкин мен америкалық Дэниэль Джэйкобс жұдырықтасады.