Еуропадағы жалақысы жоғары жаттықтырушылардың тізімі белгілі болды. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.
Бұл тізімде бірінші орынға «Барселонаның» бапкері Луис Энрике жайғасты. Ол бір айда 1,56 млн еуро ақша табады. Ал екінші орында 1,48 млн еуро жалақымен Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити») тұр. Үштікті «Манчестер Юнайтедтің» коучі Жозе Моуринью (1,36 млн еуро) түйіндеді.
Айта кетейік, Луис Энрике «Барселонаға» 2014 жылдың мамыр айында келген. Осы уақытқа дейін оның командасы 148 матчтың 114-інде жеңіске жетіп, 16 кездесуде ғана қарсыластарына есе жіберген. Ал Гвардиола мен Моуринью осы маусымның басында ғана жаңа қызметтеріне тағайындалған.